Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Арыз жолдадым… Қадір-қасиеті заңмен қорғалады»: Нұрай Серікбайдың адвокаты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

18:03, 10 ақпан 2026

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың адвокаты Аянхан Омаров марқұмға тіл тигізгендерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Заңгер әлеуметтік желіде Нұрайдың тарапына жазған ар-намысқа нұқсан келтіретін пікір иелерінің заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ашып айтты.

Руслан Өтепбайдың YouTube арнасында жарияланған «ШЫМКЕНТТІК НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫҢ ҚАЗАСЫ» атты бейнематериалдың астында «Maxset Minbaev» аккаунты марқұм Нұрай Серікбайдың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, әдепсіз және қорлайтын пікірлер жариялаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы (Қорлау) белгілерімен арыз берілді.

Пікір мәтіндеріне кешенді сот-психологиялық-филологиялық сараптама тағайындау сұралды.

Нұрайдың ар-намысы мен қадір-қасиеті заңмен қорғалады!

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар