Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Артында үш ұлы қалды»: Бұрынғы әйелін азаптап өлтірген полицейге қатысты ауыр үкім шықты

15:56, 19 шілде 2026

Қырғызстан астанасындағы Свердлов аудандық соты Ішкі істер министрлігі Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасының бұрынғы инспекторы Бақыт Урустемовті бұрынғы әйелін азаптап, аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бішкек қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, сотталған азамат Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» және «Балаға, дәрменсіз күйдегі немесе материалдық не өзге де тәуелді адамға қатысты азаптау» баптары бойынша толықтай кінәлі деп танылған. Оған қоса, сот шешімімен ол жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 1 миллион сом көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Қоғамды дүр сілкіндірген бұл қайғылы оқиға 2025 жылдың 23 желтоқсанында орын алған болатын. Дәл осы күні өзінің туған күнінде Қырғыз экономикалық университетінің оқытушысы Жібек Урустемова атып өлтірілді. Марқұмның артында үш ұлы жетім қалды, олардың екеуі - бастауыш сыныпта оқитын балалар.

Аталған қылмыс ел ішінде үлкен резонанс тудырғандықтан, іске Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) тікелей араласып, нәтижесінде тағы екі полиция қызметкері құрықталды. Тергеу болжамы бойынша, Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы айыпталушының тұрғылықты мекенжайын тексергені туралы ресми құжаттарды кейінгі күнмен қолдан толтырып, заңсыз рәсімдеген. Ал Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы арнайы бөлімінің аға инспекторы қылмыскерге травматикалық тапаншаны сақтау және өзімен бірге алып жүру рұқсатын заңсыз беріп, оның мерзімін бірнеше рет негізсіз ұзартып отырғаны әшкереленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар