Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"...арқама аяздай батады. Амал жоқ, бәріне көнесің". Әнші Тоқтар Серіков жанын жегідей жеген ойын айтып, "жаны мұздап" жүргенін жеткізді

12:00, 21 наурыз 2026

Әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында анасына деген сағынышын білдіріп, жүрекке әсерлі жазба жариялады деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі марқұм анасын еске алып, бес жылдан бері оны құшақтап, мауқын баса алмағанын жеткізген.

«Анашым, сізді құшақтамағаныма, еркелемегеніме тура бес жыл болыпты. Қатты сағындым. Сіз кеткеннен бері көңілім бос, тез жылап қалатын болдым. Амал жоқ, бәріне көнесің. Кейде сіздің жоқтығыңыз жанымды мұздай қарып өтеді. Жаныңыз жәннатта болсын, анашым», – деп жазды әнші.

Бұл жазба желі қолданушыларының да жүрегін толқытты. Көпшілік «анадан айырылған жан ғана мұндай сағынышты түсінеді», «аналарымыз аман болсын», «жаны жәннатта болсын» деген пікірлерін қалдырып, әншіге қолдау білдіріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар