Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Арқа сүйейтін азаматымды жолықтырдым, келер жылдан бөпе күтемін" - Айгүл Иманбаева

18:47, 29 желтоқсан 2024 1314

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева 2024 жыл несімен есте қалғанын және келесі жылдан не күтетінін айтып берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“2024 жылдың маған бергені көп болды. Аллаға шүкір деймін. Бәріне алғысым шексіз. Бақыт пен қуаныш, байлық қатар келген әдемі жыл болды. Жеке өмірімде де жаңалықтардан хабардарсыздар. Ұлым үйленіп, немерелі болдым. Баламның алғашқы тырнақалды туындысы “Көке” фильмін түсірдік. Жеке өмірімде арқа сүйейтін азаматымды жолықтырып, отбасын құрдым. Үйлену тойымыздың күні әлі белгіленген жоқ. Лос-Анджелес қаласында болады. Қазақстаннан баратын достарымның визасына байланысты той күнін белгілейміз. Ал келер жылдан, бөпе күтемін. Соған ниеттеніп жатырмыз”, – деді Айгүл Иманбаева Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар