Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Арменияда Соловьевтың хабарларына тыйым салынды

29 наурыз 2024 214

Арменияда ресейлік пропагандист Соловьевтың «РТР-Планета» телеарнасында көрсетілетін«Владимир Соловьевпен» және «Жексенбінің кеші Владимир Соловьевпен» түпнұсқа бағдарламаларының көрсетілімі бұғатталды.

Бұл туралы Арменияның телерадиохабар тарату желісінің баспасөз қызметі хабарлаған.

«Шешім Армения мен Ресей арасында бұқаралық коммуникация саласындағы ынтымақтастық пен үкіметаралық келісімнің 5 және 6-баптарын үнемі бұзу негізінде қабылданды», - делінген хабарламада.

Келісімнің бұл баптарында тараптар ішкі саяси өмірге араласуға жол бермеу және қорлайтын мазмұнды алып тастауды қарастырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?