Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Арманым орындалды". Сүйінші! Қарақат Әбілдина көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

"Арманым орындалды". Сүйінші! Қарақат Әбілдина көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

Белгілі әнші, халықтың сүйікті өнер иесі Қарақат Әбілдина өзінің су жаңа еңбегін – «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабын жарыққа шығарып, көпшілікке таныстырды, деп жазады Alash.KZ.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабымен орындалатын әндерге арналған тұңғыш кітап. Онда Қарақат Әбілдинаның көне аспаппен орындаған 32 әнінің мәтіні, нотасы және QR-код арқылы тыңдауға болатын аудионұсқасы берілген.

Бұл кітап – жетігенде ойнап үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәні мұғалімдеріне таптырмас құрал болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, сонымен қатар қазақ руханиятына қосқан титтей үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті,


– деп бөлісті қуанышымен әнші.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының танымал өкілдері, ұлттық өнерді қолдаушылар қатысты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар