Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген туған қаласы Ақтөбе қаласында жаңа клип түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Әлемге әйгілі әнші туған жеріне арнайы барып, өзі оқыған оқу орнына да сәлем бере кетті.
Ақтөбеден сәлем.
Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті.
Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады.
Араға жылдар салып,туған жерге табан тіреп келіп қалдым.
Бұйырса Ақтөбеде 3 күннен соң жаңа клип түсіремін.