Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әркімде өзінің бас пайдасы. Блогер кәсіпкерден 10 миллион теңге бопсалап, ақшаны алып жатқан жерінен ұсталды

19:11, 21 қаңтар 2025 109

Блогердің ақша бопсалағаны хабарланды. Жетісу облысы, Үштөбе қаласында жергілікті кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Блогер бұрынла түсірген сапасыз құрылыс видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына салып, өшіру үшін 10 миллион теңге сұрап, видеоны таратпайтынын айтқан. 

Күдікті талап етілген ақшалай қаражаттың 7 млн теңгесін алу кезінде қолға түскен. 

«Аталған факт бойынша бопсалау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар