2025 жылғы 3 наурызда Қазақстанның құқық қорғау органдары Арғын Зайруллаұлы Нығматулинге іздеу жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген және Астана қаласының прокуратурасы қозғаған қылмыстық іс бойынша іздестірілуде.
Іздеу шараларын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізуде.
Арғын Нығматулин – белгілі Нығматулиндер әулетінің үлкені, Қарағанды облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты. Оның інісі Нұрлан Нығматулин 2016-2022 жылдары Мәжіліс төрағасы қызметін атқарған, сондай-ақ Президент Әкімшілігін басқарған және Қарағанды облысының әкімі болған.
Тағы бір інісі Ерлан Нығматулин Мәжіліс пен Сенат депутаты ретінде қызмет еткен.
Нығматулиндер отбасы бұрыннан рейдерлік әрекеттерге, қылмыстық құрылымдармен байланысқа және қылмыстық істерді қолдан жасауға қатысты айыптауларға ұшырағанымен, бұл айыптаулар бойынша нақты дәлелдер ұсынылмаған.