Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аргентиналық жартылай қорғаушы "Қайратқа" ауысты

11:35, 18 қаңтар 2026

«Қайрат» футбол клубы аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Футбол клубының хабарлауынша, келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды.

“Хуан Себастьян Себальос Буэнос-Айрес провинциясына қарасты Хосе-Мария-Хауреги қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын «Лос Андес» клубында бастап, кейін «Индепендьенте Ривадавия» және «Тальерес» клубының екінші командасында өнер көрсетті.

Өз елінде ойнағаннан кейін Себальос Боливияға ауысып, жоғары дивизионда өнер көрсететін «Реал Оруро» клубының намысын қорғады. Өткен маусымда ол командасының көшбасшыларының бірі болып, 40 матч өткізіп, 18 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Сары-қара отбасыға қош келдің, Себастьян!”,- делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар