Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әрекеттері үшін өкінетін болады”: Шұғыл! Путинге сес көрсеткен Зеленскийге Кремль жауап берді

10:00, 02 қараша 2025 1131

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей президенті Владимир Путинге қатысты айтқан  мәлімдесіне Кремль билігі жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Мемлекеттік Думаның Қорғаныс комитетінің мүшесі Андрей Колесникнің айтуынша, Украина басшысы орынсыз айтқан сөздері үшін өкінетін болады.

«Менің ойымша, Зеленский (Путинге қатысты) соңғы қоқан-лоқы жасағанына ғана емес, көптеген сөздері, әсіресі өз әрекеттері үшін өкінетін болады. Егер ол Батыстағы «достарының» айтқанына құлақ аспаған болса, Украина үшін де, өзі үшін де жағдай тиімдірек болар еді. Бәлкім, бұл Зеленский үшін өзінің елі мен отбасынан да маңызды болған шығар», -  деді Колесник NEWS.ru берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің Покровск қаласына (бұрынғы Красноармейск) жоспарланған сапары жайлы пікір білдірген болатын.

"Өтінемін. Бірақ бәрі мұның қалай аяқталатынын түсінеді", - деді Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар