Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әрбір дауыс маңызды» - Мұрат Мұтырғанов референдум туралы

16:37, 06 қазан 2024 64

«Әрбір дауыс маңызды» - Мұрат Мұтырғанов референдум туралы

Белгілі цирк артисі, «Мутурганчики» тобының негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі Мұрат Мұтырғанов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді деп хабарлайды Alash.kz

Артист Алматыдағы №4 гимназияда орналасқан № 364 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Әр дауыс маңызды, мен бұл маңызды процестің бір бөлігі бола алатыныма қуаныштымын. Референдум әрқайсымызға өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді», - деді Мұрат Мұтырғанов дауыс бергеннен кейін. Артист мұндай іс-шаралардың адамдарды біріктіріп, елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға көмектесетінін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?