Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Араны жұтып қойды": Әйгілі миллиардерді ара шағып алып, салдарынан көз жұмды

11:40, 15 маусым 2025 1066

Англияда 53 жастағы үнді миллиардері Санджай Капур байқамай араны жұтып қойып, соның салдарынан жүрек талмасынан көз жұмды. Бұл туралы Mirror газеті хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Капур - кәсіпкер және автокөлік бөлшектерін өндіретін Sona Comstar компаниясының төрағасы болған. Басылымның мәліметінше, ол Ұлыбритания ханзадасы Уильямның көп жылдан бергі досы болған.

Қайғылы оқиға поло ойыны кезінде болған. Ара Капурдың аузына кіріп, шағып алған. Соның салдарынан ол анафилаксиялық шок алып, жүрегі тоқтап қалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар