Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Арабиядан келген Шейх Осман Тоқаға қарай тұра ұмтылған қауымның қылығы көпшіліктің сынына ұшырады

14:33, 25 мамыр 2024 1858

Шымкент қаласындағы Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіттің ашылу салтанатына әйгілі каллиграф Шейх Осман Тоқаның келгені әлеуметтік желі арқылы дүйім жұртқа белгілі болды. Сауд Арабиясында тұратын 90 жастан асқан каллиграфтың қолын сүюге жапатармағай асыққан қауымның қылығын көпшілік сынға алды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоқа Шымкент қаласына келгені туралы бейнежазба ақпараттық кеңістікте тарады. БАҚ хабарлауынша, оны әуежайдан арнайы белгілі бизнесмен Серікжан Сейтжанов күтіп алған.

Шейх Осман Тоқа 24 мамыр күні Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысқан кезде жұрт жапырыла оған ұмтылған. Бейнежазбалардан халықтың бірінің үстіне бірі мінбелеп, қарияға қарай ұмтылып жатқанын бажайлауға болады.

Бұған қатысты қоғам белсендісі Рүстем Есімханұлы пікір білдірді: 

Мына адамдардың ешқайсысы жыртық киіммен жүрген жоқ. Яғни, сіңірі шыққан кедей емес... Демек адамның мәдениетті болуы - оның материалдық жағдайына мүлдем қатысы жоқ дүние, - деп пікір білдірді. 

Шейх Осман Тоқа мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын қолмен жазып шыққан. Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге аударған. Ол өзін қазақ санайтынын, ұлтының қазақ екенін айтқан: 

«Сендерді көргенде бабамды көргендей болдым. Менің бабамның түрлері сендерден аумайтын кісі болатын. Біздің ата-бабаларымыз Яссауидан 150 жыл алдын көшіп кеткен».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар