Әнші Айгүл Иманбаева 2025 жылы әр адам өзінің жан дүниесіне үңіліп, руханиятқа келетінін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Кеш жарық баршаңызға! Көзді ашып-жұмғанша жаңа жылдың алғашқы айының ортасы болып қалыпты. Қалай тез. Осы 2025 жыл тіпті тез өтеді дейді. Әр адам өзінің жан дүниесіне көп үңіледі, өзін іздейді, руханиятқа келеді дейді. Ия шынымен материяда өмір сүргенімізбен, оның уақытша екенін жанымыз білсе керек. Сол үшінде адамның жаны руханиятқа ұмтылады. Бірақ меніңше барлық салада адамға мықты Ұстаздар (Наставник) керек. Бастысы осы жерде қателеспеу керек сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар?”- деп жазды Айгүл Иманбаева.