Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясында Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықовқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Stan.kz-тің жазуынша, Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі оқырманына жазған пікіріне қатысты іс материалдарын қарады. Бұған дейін Мейрам Қожықов желідегі оқырманына "ақылды болма" деген пікір қалдырып, сынға қалған.
"Тексеру барысында Қарағанды қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды", – делінген хабарламада.