Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбедегі спорт мектептерінің басшылары бюджет қаражаттарын букмекерлік кеңселерге ұтқызған

16:23, 11 қазан 2024 329
Ақтөбе облысы прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары бюджетке түсуге жататын спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін, әуесқой спорт командаларынан алынған қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Спорт мектептерінің басшыларымен 6 млн теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсалған.

Бұл қаражаттар мектеп басшыларымен өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсалған.

Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубы командасының ұшуы бойынша әуе қызметтерін 165 млн теңгеден астам көтерілген бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталды.

Орын алған барлық фактілер бойынша прокуратурамен ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар