Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде спорт мектебі директорларының заңсыз жолмен 12 млн теңге табыс тапқаны айтылды

12:10, 22 ақпан 2025 154

Ақтөбеде спорт мектебінің бұрынғы директорларына 12 миллионнан астам  қаржыны жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

Ақтөбе облыстық прокуратурасы мәлімдемесінде көрсетілген ақпарат бойынша, директорлар жалға беруден түскен ақшаны жымқырып отырған:

“Футболдан олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (ОДЮШОР) және №5 "Олимп" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (11 шағын аудандағы хоккей спорт мектебі) бұрынғы басшылары қаржы жымқырып, үстерінен екі қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушылар футбол мен мұз айдыны алаңдарын өңірдегі әуесқой командаларға жалға беруден түскен ақшаны жымқырып, спорт алаңдарын жалға алу үшін негізсіз ақша бөлгізген. Оларды өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсаған. Қылмыстық жолмен жымқырылған табыс 12 миллион теңгеден асып кеткен”, – делінген Прокуратура хабарламасында.

Спорт мектебінің бұрынғы директорлары бұл айыпты жоққа шығарып, кәнәсіз екенін айтып отыр. Сот процесі жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар