Ақтөбе облысында жастар арасында болған төбелестен 17 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп жазады Alash.KZ.
Оқиға 20 наурызға қараған түні Шалқар қаласында болған.
Төбелес салдарынан 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды.
Облыстық полиция жасөспірімнің өлімімен аяқталған төбелес бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Жанжалға қатысқандардың барлығы полиция бөліміне жеткізілген.
«Оқиғаға қатысы бар барлық адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда», - делінген полиция хабарламасында.