Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде итті бірнеше рет пышақтап, аяусыз тепкен 14 жасар оқушы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды (Видео)

09:51, 15 қараша 2024 394
Ақтөбеде итті бірнеше рет пышақтап, аяусыз тепкен оқушы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды, деп жазады Alash.KZ сайты Stan.kz сайтына сілтеп.

Полиция бала 14 жасқа толмағандықтан, істі тоқтатқан. Жасөспірім Тараз қаласындағы арнайы білім ошағына жіберілуі мүмкін. Істі Темір ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия тексеріп, сотқа жолдады.

Ал баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, желіде оқушының қансырап жатқан итті бірнеше рет пышақтап, аяусыз басынан тепкен видеосы тараған еді. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар