Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысындағы қуанышқа құрылған отырыстың соңы қайғылы аяқталды. Қызы анасын ұрып өлтірді

15:27, 15 қараша 2024 800

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды. Қуанышқа орайласқан мерекелік отырыстың соңы кісі өлімімен аяқталған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

CMN.KZ сайтының хабарлауынша, 14 қараша күні таңертең 73 жастағы әйелдің денесі Ақтөбе облысының Мәртөк ауылындағы өз үйінен табылған. 

Зейнеткердің өлімі ішкі ағзалардың зақымдануынан болғандығы анықталды. Марқұмның 48 жастағы қызы күдікке ілінді, ол алкогольді бірге ішкеннен кейін жанжал кезінде анасын ұрып-соққан деп болжанып отыр. Әйел ұсталып, қамауға алынды, - делінген басылым таратқан ақпаратта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар