Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған «блогер» қамауға алынды

Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған «блогер» қамауға алынды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында өзін блогер ретінде таныстырған 35 жастағы тұрғын төрт азаматты алдап, ақшасын жымқырып кеткен, деп жазады Alash.KZ. 

Күдікті жәбірленушілердің біріне — балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне — жүргізуші куәлігін алуға, сондай-ақ тендерді жеңіп беруді уәде еткен. Келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асты.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар