Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысында 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды

09:55, 08 ақпан 2024 429
Ақтөбе облысында қарлы бораннан кейін 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды.

Диапазон басылымының дерегінше, бораннан кейін 7 қаңтар күні Ақтөбе облысының бірнеше ауылында, қаланың бірнеше шағын ауданында жарық болмаған.
«Қалада электр қуатын қалпына келтіру үшін 15 бригада тартылды. Барлық қажетті құрал-жабдықтар мен көліктер бар. Жарықсыз қалған кейбір ауылдарда да жұмыс жүріп жатыр. 20 жедел топ пен 70-ке жуық техника жұмылдырылды», – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Аймақ басшысы төтенше жағдай жеке бақылауында екенін айтты. Осыдан кейін екі ауданды төтенше жағдай жарияланды.
«Жауапты мекемелерге тұрғындарды электр қуатымен тез арада қалпына келтіру және қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қосымша ақпаратты тиісті басқармалар мен мекемелер береді», – деді облыс әкімі.

Фото: facebook.com/ashat.shaharov
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар