Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысының әкімі 418 млн теңгеге 23 машина сатып алмақ. Неге?

12:13, 09 шілде 2024 574

Ақтөбе облысының әкімдігі 418 260 000 теңгеге 23 жеңіл көлік сатып алмақ, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бүгін өңірдің әкімдігі мемлекеттік сатып алу порталына 3 түрлі лотқа конкурс жариялады. Үшеуі де жеңіл автокөлік, тек бағасы мен маркалары ерекшеленеді.

«Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі үшін алғашқы лотта әрқайсысы 15 690 000 теңгелік 4 седан автоматты автокөлігі, екіншісінде әрқайсысы 19 000 000 теңге тұратын 14 кроссовер, үшінші лотта әрқайсысы 17 900 000 теңгелік 5 дана кроссоверге тапсырыс берілген.

AMP

Ақтөбе облысының әкімдігі алып жатқан жеңіл машиналардың қандай мақсатта және кімдерге арналатыны белгісіз.

Конкурстың ұзақтығы – 14 күн.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар