Ақтөбе облысында 1087 үйді су басты, - деп хабарлайды Dalanews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеп.
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымдарында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні Ырғыз ауданында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 550 қап және 1060 тонна инертті материалдар төселді. Су тасқынына қарсы Ырғыз ауданындағы жұмыстарға 95 адам және 5 техниңа жұмылдырылды. Аманкөл, Күлсай ауылдарына азық-түлік жеткізу ұйымдастырылу Ырғыз өзені арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Ырғыз ауданы Нұра және Мамыр ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 14 адам адам және 8 бірлік техника жіберілді. Сонымен қатар 3100 қаппен, гуманитарлық көмек жіберілді.
Жалпы облыс бойынша 1087 үйді су басты.
Эвакуацияланған 1354 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 6188 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 10663 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Жедел штаб жұмысын үздіксіз атқаруда.