Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты алғашқы болжамдар айтылуда

11:16, 26 желтоқсан 2024 407

AZAL ұшағының апатын зерттеген Оливер Александр зақымданудың себебі ретінде сыртқы әсерді атады, деп жазады Alash.KZ сайты minval_az телеграм арнасына сілтеп. 

Ашық деректерді зерттеуші Оливер Александр AZAL әуе апатына ұшыраған ұшақтың кадрларын талдай келе, вертикалды тұрақтандырғыштың бір жағында кіріс тесіктері, ал екінші жағында шығыс тесіктері бар екенін атап өтті.

Егер бұл зақым құстармен соқтығысу немесе құлау кезінде пайда болған қалдықтардың салдарынан болса, тесік айналасында көбірек майысулар болуы мүмкін еді.

Алайда, британдық Times басылымының айтуынша, әрбір фрагменттің кинетикалық энергиясы жеткілікті болып, фюзеляжды тесіп өткен, тек деформация жасамағаны байқалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар