Еліміздің Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Аzerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың "қара жәшіктерін" талдау деректерін алғанын растады, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz сайтына сілтемелеп.
Ақтау маңында апатқа ұшыраған Аzerbaijan Airlines әуе компаниясыне тиесілі ұшақтың "қара жәшіктері" Қазақстанға жеткізілігенін растаған.
"Қазақстан Көлік министрлігінің Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылған тәжірибесіне сәйкес барлық факті мен материалды егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін алдын ала есеп жариялайды. Онда анықталған нақты мәліметтер пен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. Қазақстанға жеткізілген борттық өздігінен жазғыштардан алынған талдау деректерін де мамандар зерттеп жатыр", - делінген хабарламада.