Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда екі кішкентай қызды көлік қағып, біреуі оқиға орнында көз жұмды

02:45, 30 қараша 2022 307


Ақтауда жолдан өтпек болған екі қыз баланы көлік қағып, біреуі көз жұмды.



Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 13:15 шамасында 31А және 31Б ықшам аудандарының арасында болған.



Nissan X-Terra көлігінің жүргізушісі жолдан өтпек болған 5-6 жас шамасындағы екі қыз баланы қағып кеткен. Олардың қасында қыздардың бірінің анасы болған.



"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды", - делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.



Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, қыз балалардың бірінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.



"Жедел жәрдем көлігі балаларды бізге алып келді. Өкінішке қарай, 2017 жылы туған қыз бала алған ауыр жарақаттан көз жұмды. Жасы шамалас екінші қыз бала жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда", - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасынан.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар