Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда әскери қызметші қаза тапты

16:00, 15 қаңтар 2026

Ақтау қаласында әскери қызмет атқарып жүрген азамат жол апаты салдарынан қаза тапты. Бұл ақпаратты Құрлық әскерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 14 қаңтар күні Ақтау гарнизонына қарасты Оймашы әскери полигонынан бөлімшенің кері қайтуы кезінде болған. Қараңғы уақытта және ауа райының күрт нашарлауына байланысты жол бетінде көктайғақ пайда болып, КамАЗ маркалы жүк көлігі келісімшарт негізінде қызмет ететін кіші сержантты қағып кеткен.

Алынған ауыр жарақаттардың салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жол апатының себептері мен өзге де мән-жайлары анықталуда.

Қарулы Күштер басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына қолданыстағы заңнама аясында қажетті әлеуметтік және материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар