Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтағы қара жәшік Бразилияда ашылады

09:41, 30 желтоқсан 2024 299

Мұндай шешімге Azal ұшағының Бразилияда шығарылғаны себеп болды, деп жазады Alash.KZ сайты stan.kz телеграмарнасына сілтеп.

Қазақстан Әзірбайжанның ұшақ апатының мән-жайын ашық тергеу туралы талабын қолдады. Баку ұшақты Грозныйға жақындаған кезде Ресейдің жер-әуе зымыраны атып түсіргенін және жақын маңдағы екі ресейлік әуежайға шұғыл қонуға рұқсат бермеген соң Каспий теңізінің үстінен ұшуға бұйрық бергенін айтады.

“Қазақстан өз шешімін жариялаудан бірнеше сағат бұрын Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев лайнердің Ресейде жерден зақымдалғанын айтты. Содан кейін артқы бөлігі өрттен зақымданған", – деді ол.

Әлиев Ресейді бірнеше күн бұл мәселені жасыруға тырысты деп айыптады. Сондай-ақ ресейлік шенеуніктердің алға тартқан оқиға нұсқаларына ренжігенін айтты. 

Әлиев "соңғы нұсқасы қара жәшіктер ашылғаннан кейін белгілі болады" деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар