Ақсу қаласында көшеде жүрген мысыққа белгісіз біреулер пневматикалық қарумен оқ атып, ауыр жарақаттаған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Мысықтың денесі мен маңдайын жарған оқ табылды, деп жазды turkystan.kz.
Мысықты қоқыс жәшігінен тауып алған кезде көзі мен мұрнынан қан ағып, қансырап жатқан.
«Бастапқыда біз оны ұрған екен деп ойладық. Бірақ рентгеннен кейін денесі мен шекесіндегі оқты көріп, шошыдық. Оқ пневматикалық қарудан атылған»-дейді жануарлар орталығының қызметкерлері.
Мысық тірі, бірақ жарымжан болып қалған. Зақым келген көз алмасын алып тастауға тура келген.
Полиция жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.