Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"АҚШ-тың КСРО-ны жеңгені секілді". Трамп Украинадағы соғыс жағдайына қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

11:28, 13 желтоқсан 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс жағдайын 1980 жылғы Олимпиада ойындарында АҚШ хоккей құрамасының Кеңес Одағы командасын күтпеген жерден жеңуімен салыстырды. Мұндай мәлімдемені Дональд Трамп 1980 жылы Кеңес Одағының құрамасын жеңген АҚШ хоккей командасын ұлықтау рәсімі кезінде жасаған, деп хабарлайды Alash.kz. 

«Бұл – ұқсас жағдай», — деді ол Украинадағы қақтығыс туралы пікір білдіре отырып.

Сонымен бірге Трамп бұл ойды әрі қарай тарқатпай, Украинадағы соғыстың түпкілікті қалай аяқталатынын нақты білмейтінін атап өтті.

«Не боларын уақыт көрсетеді. Қазір біз келісімге келу мүмкіндігін анықтау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта бәрі айқын болады деп ойлаймын», — деді АҚШ президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар