Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Навальныйдың өлімі: АҚШ Ресейге қарсы ірі санкция жариялайды

07:17, 21 ақпан 2024 318
АҚШ Ресейге қарсы ірі санкция пакетін жариялайды. Оған Ресей түрмесінде көз жұмған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың өлімі мен Украинадағы соғыстың екі жылдығы себеп болған.

Азаттық ақпаратынша, АҚШ президенті Джо Байден Калифорнияға сапары кезінде журналистерге жаңа санкция әзірленіп жатқанын мәлімдеген. Ол шара жөнінде толық ақпарат 23 ақпанда жарияланатынын айтқан.

Бұған дейін санкция әзірленіп жатқанын Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Джон Кирби де мәлімдеген. Ол АҚШ Ресейден Алексей Навальныйдың өлімінің жай-жапсарын барынша ашық түсіндіруді талап ететінін айтқан.
"Ресей үкіметі әлемге қалай түсіндірсе де, Навальныйдың өліміне президент Путин мен айналасы жауапты екені айдан анық" деді Кирби.

Фото: Andrew Harnik / AP
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар