Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақордада ауыс-түйіс: Тоқаев бірқатар шенеунікті жаңа қызметке тағайындады

10:26, 22 шілде 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні жаңа қызметке тағайындады, деп жазады Alash.kz.

“Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”,- делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар