Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар жаңа қызметтерге тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент Жарлығына сәйкес, Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының шешімімен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы қызметіне бекітілді.
Бұдан бөлек, Президент Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.