Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шығыс Қазақстанда қайық аударылып, екі балықшы суға кетті (ВИДЕО)

17:38, 17 қыркүйек 2026

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде балық аулап жүрген үш адамның мінген қайығы қатты желдің салдарынан аударылып кеткен. Оқиғадан кейін екі балықшы суға кетіп, оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Alash.KZ

Құтқарушылардың мәліметінше, көлде болған үш адамның бірін – 1968 жылы туған 58 жастағы ер адамды жергілікті тұрғындар дер кезінде құтқарып қалған. Ал 1968 және 1995 жылы туған тағы екі балықшы суға батып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайық қатты желдің әсерінен аударылған. Құтқарушылардың айтуынша, балықшылардың ешқайсысында қауіпсіздік талаптарына сай құтқару кеудешелері болмаған.

«1968 және 1995 жылғы екі адам суға батып кетті. Балықшыларда құтқару кеудешелері болмаған», – дейді құтқарушылар.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Құтқару қызметінің мамандары мен жергілікті тұрғындар жоғалған екі адамды іздеуге жұмылдырылған.

Іздеу жұмыстары Зайсан көлінің аумағында жалғасып жатыр. Мамандар судағы қауіпсіздік талаптарын сақтап, әсіресе жел күшейген кезде қайықпен ашық суға шықпау қажеттігін ескертуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар