ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында эмоционалды видео жариялап, оқырмандарына ананың қадірін білу керектігін айтып үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Әнші видео барысында анасына жеткілікті түрде көңіл бөле алмай жүргенін айтып, жүрегіндегі өкінішімен бөлісті. Ол ананың махаббаты мен жасаған әрбір қамқорлығын көзі тірісінде бағалаудың маңыздылығына тоқталды.
«Аналарыңыздың көзі тірісінде қадірін біліңіздерші. Кейін өте кеш болады. Өмірден өткеннен кейін қадірлеудің қажеті жоқ. Хабарласыңыз, жылы сөйлеңіз, барынша жақсылық жасаңыз. Ешқашан ата-аналарыңызға ауыр сөйлемеңіздер. Мен көбінесе сыртта жүремін, анама көп көңіл бөле алмай жатамын. Сол жүрегіме қатты батады. Менің келінім болса да, анам таңертең ерте тұрып, маған өз қолымен таңғы ас жасап береді. Тойып тұрсам да жеуге тырысамын. Себебі қандай махаббатпен, шын ниетпен жасайды», — деді Айгүл Иманбаева.