Оқиға 18 қаңтарда аурухананың жансақтау бөлімінде болған. 3 жасар бала қансыраған күйде ауруханаға жеткізілген, деп жазады Alash.KZ.
Ата-анасының айтуынша, үйде баланың үстіне аласа шкаф құлап кеткен. Үш саусағы жаншылып, терінің жыртылған жерінен тырнағы салбырап қалған. Саусақ үгіліп, терісі алынған. Осылайша жаншылған үш саусақтың ұшын ампутациялау керек болған.
Травматолог Мейрам Дүйсекеев баланың ата-анасына ампутация жасалатынын ескерткен. Алайда олар мұны қабылдаудан бас тартқан. Анасы дәрігермен сөз таластырып, соңында пернетақтасын лақтырып, қағаздарын шашып кеткен.
Тіпті отаға бара жатқан анестезиологты ұстап алып, балағаттап, қорлаған. Отадан соң маман ерлі-зайыптыны шақырып, наркоздан кейін балаға қандай күтім жасау керегін түсіндіруге тырысқан. Алайда ерлі-зайыпты дәрігердің сөзін құлағына да ілмеген.
Дәрігерлер баланы палатаға ауыстырып, ерлі-зайыптының үстінен шағым түсірді.
Ақмола облысында ерлі-зайыпты дәрігерлерге шабуыл жасаған (Видео)
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026