Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақмола облысында 12 жастағы баланың әкесін пышақтап өлтіргені айтылды

16:44, 27 желтоқсан 2024 1161

Ақмола облысы Бұланды ауданында тағы да жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Жасөспірім баланың өз әкесін пышақтап өлтіргені хабарланды, - деп хабарлайды Alash.kz порталы Massaget.kz порталына сілтеп. 

Суыт оқиға бүгін түнгі сағат 15:00 шамасында болған. Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жедел жәрдем фельдшері пышақталған адамның мүрдесі табылғаны жөнінде хабарлаған.

Жедел іздестіру шараларын бастаған тәртіп сақшылары Макинск қаласындағы үйлердің бірінде 47 жастағы ер адам мен оның 12 жастағы ұлының арасында кикілжің болып әкесі баласын ұрып, оның артынан ұлы пышақтап тастағанын анықтады. Алған ауыр жарақаттан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

"Қаза болған ер адам жол ұйымында жүргізуші болып жұмыс істегені анықталды. Адам өліміне күдікті бала қала мектептерінің бірінде оқиды. Оқиға орнына барлық жедел қызмет өкілдері жетті. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Ер адам мен 12 жастағы ұлдың арасындағы дау әкесіне пышақ салумен аяқталғаны белгілі болды. Тергеу шеңберінде оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар