Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақмола облысында бір елді мекен жабылып жатыр

11:46, 29 сәуір 2024 416

Ақмола облысының әкімдігі Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы қаулының жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, ауданда бір елді мекен қызметін тоқтатады деп хабарлайды alash.kz.

Нақты айтқанда, әкімдік Ақмола облысының Астрахан ауданына қарасты Жалтыр ауылдық округінің Ақбейіт ауылын өзге қоныстар санатына ауыстырып, есептік деректерден шығаруға қаулы шығарды деп жазды halyq-uni.kz.

Осы қаулы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - деп жазылған қаулының жобасында.

Құжат авторлары жобаны қабылдаудың жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайтынын және қаржылық шығындарды қажет етпейтінін атап өтті.

Құжаттың толық мәтінімен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады. Ол 15 мамырға дейін талқыланады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар