Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақырғы ақталу". Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін қашан айтатыны белгілі болды

15:28, 04 мамыр 2024 643

Азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты маңызды дерек айтылды. Айыпталушы соттағы соңғы сөзін 2024 жылдың 6 мамырында айтатын болды. Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамыр, сағат 10:00-де", - деп хабарлады сот.

4 мамырдағы сот отырысында сот процесіне қатысушылар жарыссөздің екінші бөлігіне көшті. Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 2 мамырында Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөз басталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар