Астанадағы 1-жалпы орта білім беретін Рақымжан Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Айым Ержанованың да ҰБТ-дан 140 балл жинағаны хабарланды. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады.
Тестілеудегі барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған Айым Ержановаға «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуітұлы 5 миллион теңге және iPhone 15 телефонын сыйлады.
Зерделі талапкердің өзі ұстаздарына алғыс айтып, болашақтағы жоспарларымен де бөлісті:
«Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін талдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа, Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», - дейді Айым.