Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақбөпе Әбілқасымова: Депутаттар халықты билікке де, өздеріне де қарсы қояды

04:55, 19 ақпан 2024 378
Бұрынғы депутат Ақбөпе Әбілқасымова мәжіліс депутаттарының іс-әрекетін сынады. Тіпті депутаттардың екіжүзділігін, аудитория алдында қалай «ойнайтынын» тілге тиек етті.

Оның айтуынша, кейбір депутаттар айғайлап, ұрсысып алып, артынан сол министрлерді ҚОЛДАП дауыс беретін көрінеді.
«Мәжіліс отырысынан бірнеше видео көрдім. Жаңа Қазақстаннан да, ескі Қазақстаннан қалған депутаттар да эмоционалды түрде сөйлеп отырады. Мысалы жақында министрлердің Қала құрылысы кодексіне қатысты және заң жобасы бойынша ұсыныстарын айтып, есеп берген министрлердің видеосын көрдім. Сол жердегі комиссияның кеңейтілген отырысында төраға болып отырған Мәжіліс депутаты Мэлс Елеусізовтің сөзін өте дөрекі бөліп жіберді», – дейді Әбілқасымова.

Ол депутаттар этика кодексіне мән беруі керек деп есептейді.
«Депутаттар заң шығарушы тармақтың өкілдері екенін, ал министрлер – атқарушы биліктің өкілдері екенін ескерген жөн. Биліктің екі өкілінің де құқығы тең. Бірнеше мерзім бойы депутат болып отырған депутаттарға қарағанда көп министрдің құзыреті жоғары. Депутаттар министрлерді халық жауы секілді көрсеткісі келетіндей немесе жұмыс істеп жатқанын көрсетіп, камераға ойнататындай көрінеді. Неге «жұмыс істеп жатқандай»? Себебі шын мәнінде айғайлап, ұрсысып алып, артынан сол министрлерді қолдап дауыс береді. Оның үстіне халықты билікке де, өздеріне де қарсы қойып қояды. Меніңше, әркім қай қызметте отырса, өзін сол қызметке сай ұстауы керек, эмоцияны сыпайы түрде де жеткізуге болады. Халыққа қандай үлгі көрсетіп жатырсыздар? Дөрекілік таныту дұрыс нәрсе ме? Ертең халықпен кездескенде олардан да сондай байланыс байқауларыңыз мүмкін», – деді Ақбөпе Әбілқасымова

Сондай-ақ экс-депутат министрлер мен әкімдер журналистің жұмысына кедергі келтіретінін ашық айтты. Оның айтуынша, бұл жағдайды болдырмас үшін оларды жауапқа тарту керек. Сол кезде тәубесіне келеді.

Фото: kznews.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар