Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ақ матамен жапты": Колумбияда суға кеткен қазақстандық туралы СІМ неге үнсіз?

11:30, 19 шілде 2024 583

Колумбияда суға кеткен қайықта қазақстандықтың қаза болғаны туралы ақпарат тарады

Қабидолла Қали есімді қазақстандық 9 шілдеге қараған түні көз жұмған. Мәліметті сол күні қайықта болған Байхан Жапақ есімді азамат айтты деп, хабарлайды Alash.KZ.

Бес қазақстандық өзге мигранттармен бірге Колумбияның Сан-Андрес аралынан Никарагуаның Корн аралына қайықпен шыққан. Сол кезде толқын көтеріліп, қайық аударылған.

Байхан Жапақ қазақстандықтың қазасын Колумбияның көші-қон орталығынан естіген екен.

"Көші-қон орталығына ол кісінің сүйегін алып кетейін, бірге келдік дедім. Бұлай болмайды, туған-туысы, саусақ ізі я елшіліктен хат жіберу керек деді. Кейін Қабекеңнің туыстарымен байланысқа шықтық. Иран азаматын құтқарғанда "Қабекеңді көрдім, ақ матамен жапты" деген", – деді Байхан Жапақ.

Алайда еліміздің сыртқы істер министрлігі өкілі “бұл жағдай бойынша ресми ақпарат жоқ" екенін хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?