Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы бензин бағасының өсуіне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Брифинг барысында министр Ресейдегі жанармай бағасына мысал келтірді.
"Қазіргі уақытта бізде АИ-92 маркалы бензиннің реттелген максималды бағасы 205 теңге. Егер бағаны ырықтандырып, таза нарықтық механизмдерге көшетін болсақ, оның ең аз дегенде көршілес нарықтардағы бағамен теңесетіні анық. Мысалы, Ресейде бензин бағасы шамамен бір лирге 290-300 теңге аралығында", – деді Сәтқалиев.
Сонымен қатар, министр бензин бағасының қандай жиілікпен өсетіні туралы да пікір білдірді.
"Біз экономика министрлігі белгілеген инфляция дәлізінен асып кетпеуге тырысамыз. Бензин бағасының нақты қаншаға және қаншалықты жиі өсетінін айту қиын. Алайда баға біртіндеп көтерілетін болады. Бұл жерде нақты алгоритм жоқ: мүмкін аптасына бір рет, мүмкін айына бір рет өседі. Бұл біздің келіссөздерімізге, сарапшылармен және нарық қатысушыларымен жүргізілетін талқылауларға байланысты болады", – деп толықтырды министр.