Белгілі әнші Ералхан Әбіш көптен бері өнер сахнасынан көрінбей кеткен болатын. Сөйтсек, өнер иесі кірпіш зауытта жұмыс істейді екен. Өміріндегі өзгерістер туралы әнші Жетісу телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.
Ералхан Әбіштің айтуынша, оның өмірінде үлкен өзгерістер болған. Қазіргі уақытта өнер иесі Шымкентте кірпіш шығаратын көрінеді.
"Шымкентте уақытша деп барған адам, қалып қояды. Мен де солай барғам. Кірпіш зауыт бұрыннан бар, соны жүргізіңіз деді. Одан кейін ол жұмыстан басқа мекемеге ауыстым. Онда бірнеше түрлі жұмыс бар. Сүт шығаратын зауыт, киім фабрикасы, құрылыс саласы сияқты бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз" дейді әнші.
Әнші өнер сахнасынан кеткенімен, келін түсіріп, немерелі болыпты. Қырық жылдан кейін немере сүйіп, бүкіл әулет қуанышқа бөленіп жатыр.