Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әнші Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобынан кетті

17:16, 29 наурыз 2025 490

«Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов шығармашылық бағыттағы бетбұрысы жайлы баяндады. Ол "Жігіттер" тобының құрамынан шығатынын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Әнші топтан шығып, жеке шығармашылығын дамыту туралы шешім қабылдаған.

Мен бір шешімге келдім. Хайырлысы сол болды. Бөліну емес, шыңдалу деп ойлау керек. Жеке бір шауып көру керек болып тұр. 22 жыл ажырамай жүр екенбіз, – деп жазды әнші. 

Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. 

«Бөлінбей-ақ, жеке ән айтып жүруге болмай ма?», «Мүмкін, өнерден кететін шығар», «Жігіттермен сөзге келіп қалған сияқты», «Еркінмен бірге болған кездер күшті еді», «Топтың сәні кетеді, көз үйреніп қалған еді» деп жазып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар