Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әнші Айдар Тұрғамбек шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы тосын мәлімдеме айтты

12:48, 05 маусым 2025 629

Белгілі әнші, "Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек инстаграм парақшасында шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына қатысты пікір білдірді, жеп жазады Alash.KZ.

"Тик-ток та бір қазақ қызының европалық, діні бөлек жігітке тұрмыс құрып, бірге тұрып жатқанын күніге көрсетіп отырады, жарнама жасап жатқандай.

Енді ойлашы, оны көріп отырған қаракөз қыздар бізде солай шетелдікке тиіп кетсек, солай қыдырып жүрсек деп армандайды ғой. Бірақ расында шетелдікке тиген қыздардың іші қалай болып жатқанын белгісіз ғой" дейді әнші.

Өнер иесі шетелдіктерге қызығып тұрмысқа шығып, өкініп жүрген қазақ қыздарының өміріне алаңдайтынын осылай жеткізген. 

"Мен өзім сондай қыздың өкінгенін көзіммен көргенмін, қасында анасы жылағандай болып маған сырын айтқан еді" дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар