Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Анасының мәйітін 10 жыл үйінде ұстаған” - Жан түршігерлік оқиға елді шулатты

14:50, 25 шілде 2025 622

Жапонияның Кобе қаласында 60 жастағы Такехиса Мияваки тұтқындалды. Ол анасының қайтыс болғанын жасырып, мәйітін он жылға жуық уақыт бойы өз пәтерінде сақтап келген, деп хабарлайды Alash.kz.

SCMP басылымының ақпараты бойынша оқиға 2025 жылдың мамыр айында тіркелген. Қала қызметкері көшеде Миявакиден анасының жағдайын сұраған. Ер адам кібіртіктеп, жауап бере алмаған. Күмәнданған танысы бұл туралы полицияға хабарлаған.

Тәртіп сақшылары пәтерге барғанда, үйдің іші қоқысқа толы болған. Ал мәйіттің сүйектері дәретхана ішінен табылған. Кейін Мияваки анасының қайтыс болғанын мойындайды. Бірақ, социофобия салдарынан ешкімге хабарласпағанын айтқан.

Сот-медициналық сараптама мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болмағанын көрсетті. ДНҚ нәтижесі үйден табылған мүрденің Миявакидің 95 жасында қайтыс болған анасына тиесілі екенін растады. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар