Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Анасы мен екі қызы қаза тапты»: Газ бекетіндегі көлік жарылысына қатысты ел естімеген ақпарат шықты

12:58, 08 қыркүйек 2026

Ақтөбеде АГЗС-тегі жарылыстан келіншегі мен екі қызынан айырылған ер адам сотта айыпталушыны кешіргенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Өрт сөндірілгеннен кейін өртенген көліктің ішінен қаза тапқандардың денесі табылды. Қайғылы оқиға 19 маусымда кешке таман Бөкенбай батыр даңғылындағы автогаз құю станциясында (АГЗС) орын алған еді. Қаза тапқандар - келіншек пен оның 10 және 6 жастағы екі кәмелетке толмаған қызы. Сонымен қатар өрттен 54 жастағы ер адам зардап шегіп, денесінің жоғарғы бөлігі күйік шалған күйде ауруханаға жеткізілді.

Оқиға фактісі бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 281-бабы («Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Автогаз құю станциясының иесі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 7 қыркүйекте Ақтөбе сотында осы іс бойынша сот процесі басталды. Автогаз құю станциясында жарылыс болып, әйелі мен екі баласынан айырылған жәбірленуші соңғы қайғылы сәттерді еске алды. Оның айтуынша, сол күні кешке олар бауырының көлігімен за заттар сатып алуға және жазғы асүйде пайдаланатын газ баллонына газ құйдырып алуға қалаға шыққан.

Көлік тізгінінде бауыры, алдыңғы орындықта жәбірленушінің өзі, ал артқы орындықта әйелі мен екі қызы отырған. Дүкендерді аралап болған соң, олар жақын маңдағы бекеттен газ баллонын толтырып алуды ұйғарған. Оператор баллонды жүксалғыштан шығармай-ақ газ құюға келіскен. Баллонның көлемі - 30 литр, әдетте оған 29 литр газ құйдыратын болған. Алайда бұл жолы таблодағы көрсеткіш шектен асып кеткен. Көрсеткіш 42 литрге жеткенде, сыртта тұрған ер адам операторға газ құюды тоқтатуды айтып айғайлайды. Бірақ қас-қағым сәтте жойқын жарылыс орын алған.

Сотта жәбірленуші болған сұмдық оқиғаның мән-жайын былайша баяндады:

«Жас оператор «стоп» батырмасының қайда екенін білмей қалды. Жаман оқиға орын алды. Өртсөндіргіш бос, түтігі де жоқ екен. Әйелім мен балаларым бұған дейін әжетханаға шыққан болатын. Мен оларды көлікте жоқ деп ойладым. Олардың салонда қалып қойғанын маған кейін бауырым айтты. Маған өте ауыр тиді, бірақ мен тағдырға көндім. Өте көп ойландым, әйелімнің туыстарымен кеңесе келе, айыпталушымен медиативтік келісімге келуге келістім. Мен оны кешірдім», — деді сотта жәбірленуші.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар